Не істеп, не қойғанын бақылауға алды, ізін торыды. ~ Дариға Қанаттың басқан ізін аңдып, соңынан қалмай жүгіріп жүруші еді, қолы бірдемеге жетті ме екен? Қ.Жұм. ~ Соның ішінде Жаң Жүн деген жас мұғалім жігітті оңашалап алып: – Сенің міндетің – Абайға хатшы болу. Шын мәнінде, оның істеген ісі мен сөйлеген сөзін түгендеп, басқан ізін аңдисың. Ж.Шәк. ~ – Бүркітбай! Бұл жолы сөз қозғамай-ақ қояйық. Ұзын тұсауы қолда ғой, қайда барар дейсің, сен Асқардың ізін аңдып, сол жаққа барып қайт, неғып отыр екен? C.Мұқ. ~ Бірте-бірте Петровичтің түнгі «концертіне» құлақтары үйреніп кетті. Не істеп жатса да мән бермейді. Ең бастысы, басқан іздерін аңдып, қылқылдап ығыр қылатын ешкім жоқ. Өздерімен өздері. Т.Сәу.
