Бойын билеп алды. ~ Ертеңгі пісетін шырын жемістердің дәмін сездіретіндей бір түрлі күмілжі тәтті иіс кісіні еліттіріп, басқа шабатындай. Ә.К.ек. ~ Әлгінде ғана қос шекедегі көк тамырлар лүпілдеп қатты соғып, тура басқа шапқан ыстық қан саябырлап сабаға түскен; дене құп-қунақ; дененің бары-жоғын екі аяқ, сірә, сезіп тұрған жоқ; қызығы қалмаған дүниесі құрғыр да, бұ да болса, бұның анда-санда басынан кешетін бір отты шағы еді-ау?! Ә.Нұрп.
Ішімдік (не басқа бірдеңе) бірден әсер етіп, басын айналдырды. ~ Кемір иісі бір түрлі жүрегімді айнытып, басыма шапқандай болады. Н.Сер. ~ Басына шапқан спирттің уыты біраздан кейін денесіне жайылып, мас болған Шыңғыс отырған орнында теңселе бастаған… С.Мұқ.
