Іс-әрекетін үдетті; еркінсіді; құлашын кеңге жайды. ~ Соның бiрi қазiр есiне түсiп: – Бiржан аға, тек өнер қадiрiн бiлгенiмiз анық болса, өмiр тiрлiкте басқа шауып, төске өрлеген өнердi ғана қадiр тұтайық. М.Әу. ~ Яғни, джунгли заңы толассыз жұмыс істеуде. Басқа шауып, төске өрлеп тұр. Бұған қарсы қандай уәж айта аласыз, көке!? С.Елуб. ~ Досмағанбет барлап қарайды, мынаның басқа шауып, төске өрлеп тұрған сұры көрінбейді. Бары осы ма, әлде әдісқойлығы ма? Н.Дәут. ~ Керісінше осындай басқа шауып, төске ұрған айғыр атаулыны көрсе жыны қозатынды шығарды. C.Елу.
