Posted in

БАС АЛҚА

Баға беріп, жол сілтейтін төрешілер кеңесі. ~ Бір ауылға бас алқа болған адам, сен де мені сағындың қормал анам. Ө. Тәл. ~ … кейін келе магистр жетекшісі, кафедраның және ақпарат зертханасының меңгерушісі (жүргізушісі), деканның орынбасары, проректор … Ж.Шәк. ~ Сонау менi құдықтан алып ортаға алғанда бас алқа айтқан қария барлық түйiндi шешiп, бiздiң түйемiз бен тұзымыз өзiмiзге тидi. С.Бег. ~ Алғаш ат келгенде– ақ бар тобықты бірінші келген ат Мотыш Қосжетердің құла аты деп ұран шақырысқан– тын. Енді кеп Құнекең жатқан үйінен жаңағыдай парман жіберген. Осы арада Мырзаның басқарған серіктері бас алқаға түсті. Т.Жұр. ~ Қазір тіл қорында Алқақотан, алқа қотан қону, алқа қотан отыру, алқалай қону, алқалай отыру, алқалай иіру, алқалай төңіректеу, алқалай іңірттеу, алқалай айналу секілді ұғымдар көп. Алқалы той, алқалы топ, алқалы жиын, алқалы кеңес, мәжіліс алқасы, сот алқасы, редакция алқасы, бас алқа, ақылдастар алқасы, қазылар алқасы, той алқа тағы басқа сөздердің бәрі осы алқа жайында. Ж.Баб.