Көңіл жұбату үшін айтылатын тілек. ~ Бәрінен бұрын бас аман болсын,- дедім жағымды пішінмен,- тірлік болса, иланып кетесіз әлі. Сәрсенбай дөңгелек столдың ернеуіне екі қолымен таянып отыра кетті. С.Ом. ~ Талпынып тырысқанымда мен де бір музыкалық училищеге түсетін едім, енді өмірім осымен өтетін шығар» — деп Клара көзіне жас алды. Мен: «Қой, ден сау, бас аман болсын, бала-шағаңның қызығын көресің әлі» — деп жұбатқан болдым. Б.Тоғ. ~ Боз топырақты борп-борп басқан түбіт мұртың ауылды бетке алды. «Тізе деген не тәйірі, бас аман болсын» деп өзіме-өзім дем бердім. Қ.Жиен.
