Posted in

БАС АСАУЛЫҚ

Айтқанынан қайтпайтын, ешкімге бой бермейтін бірбеткейлік. ~ Өздерің қайтесің? Міне, Қартқожаның үйіндегі әңгіменің түрі. Бас асаулық былай қалды. Бұлқынуға дәрмен жоқ. Ж.Айм. ~ Шыңғыс «бас асаулық» қылып, салам ба деген бұғалығына тоқырамай, жұлқына берді. С.Мұқ. ~ Оның үстіне сәл бас асаулық байқатса-ақ үстіңгі адам тізгінді оқыс жұлқып қалғанда таңдайына темір трензель батып бауырына, кейде шабына қос шпор істіктей қадалады. С.Жүн. ~ Төзiп-төзiп келiп, бiр туласаң, өлген-тiрiлгенiңе қарамайтын бас асаулығың бар едi, сол мiнезiңе басып, арандап қалар ма екенсiң!” Т.Сәу.