Posted in

БАС АУЫРТТЫ

а) Мазасын кетірді, ығыр қылды. ~ Құрғақ сөз бас ауыртар, Құрғақ қасық ауыз жыртар. М.-М. ~ Брендонның үйінде мен бар әлем-жәлемді жапсырып алған, атақ пен байлыққа ие жесірлер мен бас ауыртар академиктермен он минуттан әңгімелесер-әңгімелеспегенім сол-ақ екен, ту сыртымнан біреудің қадалып қарап тұрғанын сезіп қалдым. О.Уай.

ә) Қобалжыды, жаны ашып, уайым қылды. ~ Шекарадан өтердегі құжаттары мірдің оғындай. Дәрігерлік сараптамаға бір-екі жерден мөр басылған. Яғни, Сейілбектің Ақбақай үшін бас ауыртуы артық. АҚ. (“Найзағай түскен түн”) ~ Өй, бүйтіп бал ашып бас ауыртқанша, шақыр анау Құнафия шалды. Талай жыл мылтық асынып, орман кезген перғауын, мұның жайын бір білсе, сол біледі, — деп жөн сілтеді Бейсенбай. М.Қаб.