Қайда болса сонда, жөн-жосықсыз, беталды. ~ Көзімнің асты көлкілдеп, Ақ сақалым желпілдеп, Кәрі басым селкілдеп, Бас ауған жаққа барамын. Іздесем кімді табамын? Бағыт сілте, әулие?! М.Мақ. ~ Айналадағы бар тірлік өліп-өшкен тәрізді. Аралда иттер бар-ды, иелері: тас түссе талайыңнан — деп тастап кеткен. Үш төбет қалған еді, олар бас ауған жағына қарай жортақтап, Матёраны кезіп кеткен-ді, бірақ бүгінгі түнде олардың да үні өшкен. Тым-тырыс. В.Рас.
