Қауіп-қатері мол іске бел буды, тәуекелге барды. ~ Ескілікті тастап, жаңа заманға аяқ басқан дәуірде адамға жаңа талап, жаңа жігер керек. Жасымас қайрат, жалынды жүрек, қайтпас ерлік керек. Идеяның жолына бас байлауға, жан қиюға жас буынды үндеу керек. Келешекке торығып қарамай, түңіліп, жыламай, келешектен таудай үміт күту керек. Үмітсіз, селқос істе мардым береке болмайды. Жеміс шықпайды. Өмір қалыпталмаған дәуірде нағыз өмір емес, өмірдің сәулесіне мәзденіп, соған ұмтылу керек. Ж.Айм. ~ Байқа, балам. Қатерлі іске бас байлап тұрсың… Бір әкеден жалғыз қалғаныңды ұмытпа. Б.Тоғ.
