Posted in

БАС БОЛДЫ

а) Билік етті, жетекші болды. ~ Есентемір Бөкен Сырымға мына сөздерді айтқан екен: «Саған батамды берейін, сен жас болғаныңмен, елге бас болғандай екенсің». Ж.Баб. ~ Шектіні де тегіс көшіріп әкетті. Бұл кезде Алпамыс он жасқа толған еді. Жас та болса, ақылымен Қоңырат еліне бас болды. А.Сей.

ә) Қамқорлық қылды, бауырына басты. ~ Оқыған дегендер де адамның баласы емес пе. Айналайын-ай, Дүлдүл тәтем елге қайтсын депті. Анау боқташаққа бас болар дегені ме екен. Дәмелінің көзіне жас келді. К.Қаз.