Қолға үйренбеген, албырт, шәлкес. ~ Күн ұзақ бас білмейтін асау да арық-тұрақ сиырмен алысып, арып-ашып шаршап жер жыртып келген жұрт жүгері көжеге жапырласады. С.Шай. ~ Шақалақ ақынның бұралқы бұл тайпаның бәрі, тарпаң, жылқының бас білмеген асауындай, деп өлеңге қосатыны осы Ноғайқұлдың қолшоқпарлары еді. Т.Әл. ~ Тік жарқабаққа тұмсық тіреген қара қайық ондайда бас
білмейтін асау құнандай мөңкіп- мөңкіп кетеді. М.Сүн. ~ Жігіт бұйрыққа көніп, татулықтың белгісін білдіру үшін, көршісінің бетінен сүймек болып еді, қасындағы қызы бас білмейтін жылқыдай шапшып, қол тигізбеді. Т.Әбд. ~ Емес пе бір тұрлаусыз жас күн деген, Жас жүрек албырт асау бас білмеген. Көр бала, көргені кем, көрсе ұнаған, Қобызды шалға күйін мастірлеген. І.Жанс.
