Posted in

БАС ЖАРЫП, КӨЗ ШЫҒАРДЫ

Бұзақылыққа барды, сотқарлық жасады. ~ Мұндағылар құдайдың бір бере салғандары ғой. «Жерке, сіздердің айтқандарыңыз бізге заң» деп монтиып отырады шетінен. Ал мынауың бас жарып, көз шығарып тұрған біреу. Иілмейді, икемге келмейді. Н.Дәут. ~ Сіздерден несін жасырайын, білдей азамат екен. Бас жарып, көз шығара қоймас, тәуекел, алсам, алайын дедім. Ә.Тар.