а) Сәлем ишаратын жасады. ~ Балта қысыла бас изеді. С.См. ~ Ноғайқұлмен бас изей қоштасқан Бөкпенбай да артынан шоқырақтатып бара жатты. Т.Әл.
ә) Құптады, келісті, қоштады. ~ Ждақай сөзінің аяғын ашулы аяқтады. Оның сөзін Хансұлу да мақұлдағандай болмашы бас изеді. С.Ел. ~ Аралбай иіліп тұрып бас изеді. Оған ілесе Сандыбай да сақалын шошаңдатып басын сілкіп қалды. Бұл екеуінің осы сәттегі дәрменсіз де тәуелді бет әлпеттер. С.Ом.
