Бағынбады, мойын ұсынбады. ~ Бөде Серікұлы ол кездегі Қояныштағай елінің болысы, белгілі беделді адамдардың бірі. Бірақ Бөде өзге болыстардай патша үкіметіне артық бас имеген, оның айтқандарын кейде орындамаған. Ә.Марғ. ~ Кезінде патша ұлықтарына да бас имеген өжет, тәкаппар кісімен нақ осылай кездесем деп ойламаған. Б.Тоғ.
