Posted in

БАС КЕЙІПКЕР

Әлдебір оқиғаның, әңгіменің, әдеби шығарманың негізгі әрекет етуші қаһарманы. ~ Гу-гу әңгіменің бас кейіпкері өзім емей кім дейсің. Қ.Түм. ~ Сонда біздер оның Бас кітабындағы Бас кейіпкеріне сиқырлы сөзбен сіңіре дарытқан сырбаз сұлулықты қаз- қалпында тап өзінен көргендей боламыз. З.Қаб. ~ Жазушының бас кейіпкер Саржан мүсіншіні ауыл мектебіне мұғалім етіп қайта оралтуы – тәуелсіздіктен кейін ұлттық құндылықтар тегеурінді күшке айналғанын тұспалдайтын ишара. Т.Жұрт.