Кіріп-шығуды қойған, жоламайды. ~ Сілеусін қайтпады: ─ Өзімізге ұнайды, әйтеуір. Біздің үйдің кісісі десе жаны-құты қалмайды. Міне, көрмейсіз бе, өзі келді. Ал басқа бір қазақтың үйіне әке-көке десең де бас сұқпайды. Рақмет сонысына. С.Шай. ~ Жуабай көрінбей кеткелі Ащыбай мен Пиязбай басшы болып, Тәнімсұлу бике жалғызсырап жүрді. Ауланың сыртындағы қызметші отау иелері шарбақ ішіне бас сұқпайды. АҚ Арпалыспен…” ~ Жолдастың кіріп шығып, Дидармен сөйлесіп, маңдайынан сүйгенінен басқа ешбір жан бұл науқастың бөлмесіне бас сұқпайды. Бәрінің өз күйбеңі бар. АҚ “Күйген нан”. ~ Міне, содан бері тірі өлік болып, төсекте шалқасынан түсіп жатады да қояды. Басқа не істесін? Кемпірі тамақтан¬дырады. Алғашқыда туысқандары кел¬генсіп еді, олар да бұл үйге соңғы кездері бас сұқпайтын болды. Е.Айғ.
