Posted in

БАС ТАРТТЫ

а) Қарсы болды, келіспеді, (әлдебір) ұсынысты қабылдамай қойды; ат-тонын ала қашты. ~ Мұнда түрліше қылмыстылар бар: кісі өлтіргендер, ат ұрлағандар, қалтаға түскендер, мастар, қасы- көзі боялған жезөкшелер, штрафтан бас тартқан қала жатақтары… М.Дәу. ~ Түске дейін жақсы істедік. Әне, аралап, тексеріп көріңіз. Ал енді істеуден бас тартып отырмыз,- деді Әжібек. С.Мұр. ~ Саламат үш баласымен әйелін тастап, бір айдан кейін келіп алып кеткісі келетіндігін білдірді. Айжан жігіт ұсынысынан бас тартты. М.Сүн. ~ Бірақ халқын шексіз сүйген Сегіз ондай қызметтен үзілді- кесілді бас тартады. Н.Әбу..
ә) Сыйлы қонақтың алдына сойылған малдың басын қойды; қонаққа арнап мал сойды. ~ Қалжыңды қоя тұршы, жүр, жүр! – десіп бірін бірі итермелеп, моланың аузына келді. Əбежан молдаға қарап: – Кір! – деді. – Жасың үлкен өзің кір! – Е- е! Маған бас тартқалы жатыр ма? Ж.Айм. ~ Қонақтарға арнап Қанатбай қой сойыпты. Сұлтанға бас тартты. Тарағайға құлақ тиді. Анда-санда бір шық дегізіп қойып, Сұлтан мен Қанатбай қырлы стаканмен арақ ішті. Ә.Тар.