Posted in

БАС ҚАТЫРЫП ҚАЙТЕДІ (ҚАЙТЕСІҢ, ҚАЙТЕМ …)

Не ойланатыны бар, несіне миын ашытады, онсыз да бәрі түсінікті ғой д.м. ~ Бөкен орнына қайта отырды. Отырғанмен сұрақтарды пысықтауға зауқы соқпады. Бәрін біліп тұрса бас қатырып қайтеді, қазір кезегі келгенде сарнап қоя бермей ме? Д.Әш. ~ Демежанның ойлап жүргені — бұл елдің қамы емес, өз мүддесі. Өзі кірме болған соң, Төртуыл үшін бас қатырып қайтеді?.. Қ.Жұм. ~ Қазы болса, басқаға бас қатырып қайтемiз? – Сары қыз бұл не қылжақ дегендей айналасына қызараңдай қарады. Т.Сәу. ~ Мен сән-салтанат, сұлулық, әсемдік, құмарлық, талғам жолында күнәға батуға болатынын түсінем, ал мынада не қызық бар? Мұндай күнәнің кімге қажеті бар? Әйткенмен… бас қатырып қайтем!” А.Чех.