Берген уәде-сертінен бас тартты; атастырылған адамымен некеден бас тартты; құдалықтан айныды. ~ Көтібар (естіп қап қайта қаптап). Не дейді, мына мұндар бата бұзды! Жібермен, олда оңбайын, бұл қос қызды. М.Әу. ~ Екі–үш күннен соң Үбиан Аюбайға бармаймын деп қиғылық салып еді, бұл жолы әкем айбаттанып кетті: — Екінші рет бата бұзып, есектің миын жеді деймісің мені. Елге қайта–қайта қарабет болар жайым жоқ. Бұл кезде Аюбай да ауылына барып біраз талқыдан өткен соң ашылып, сөз қадіріне жеткендей болса керек. Б.Мом. ~ Жаманды– жақсылы құда десiп, құйрық– бауыр жескен, қалыңын да жартылай алысқан адамым бар едi. Екi жастың бiрiне келгенде қалай ғана бата бұзайын!» дейдi. К.Сег.
