Posted in

БАТПАНДАП КІРІП, МЫСҚАЛДАП ШЫқТЫ

Жаман әдеттің, жалпы жамандық атаулының жұғуы оңай, бірақ одан құтылу қиын. ~ «Сыбайлас
жемқорлық – өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады. Батпандап кіретін,
мысқалдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам боп күресуіміз керек. Қ-Ж.Тоқ. ~ Дәрігер жаны әрі нәзік әрі қатал. Нәзік болмаса батпандап кірген ауруды мысқалдап шығара алмас еді; қатал болмаса пышақ ұстаған қолы дірілдеп, тірі денеден қан шығара алмас еді. Қ.Түм. ~ “Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады” дегендей, ол дерттен тәуелсіз қазақ елінің азаматтары жуық арада қоштаса қоюлары қиын … Г.Сейт. ~ Өз заманында Мұса пайғамбар еврей халқын 40-жыл артына ертіп, суы жоқ Сахара шөлінде көшіп-қонып өмір сүріпті, сондағы мақсаты халқын құлдық санадан арылту екен. Өйткені құлдық сана да ауру секілді «мысқалдап кіріп, батпандап шығатынға» ұқсайды. Ж.Шәк.