Posted in

БАТЫЛЫ БАРМАДЫ

Бата алмады, жүрегі дауаламады; жүрексінді, тайсалды.
~ Бұл құздың оты шиманды екенін ақсақалдар білетін, бірақ малмен көшіп баруға еш уақытта батылы бармайтын. Бұл терең құзға апаратын бір ғана жол бар, жан шошырлық, қауіпті, қателі, қиын еді осы жол. Ж.Айм. ~ Жылында 20 мөлиеннен өсім кіріп жатқан Қытай еліне үш кісінің шығыны деген не? Бір түтік бақтағы балықты қара суға тікесінен түсіп, сынбай қалды. Бақ иесі түтікті судан суырып алды. Түтікті ашуға батылы бармады. Достарын ертіп, қаптаған топты соңынан шұбыртып сиқыр түтікті маңындағы мағистратқа (кеңсеге) алып барды. Ж.Айм. ~ Бұлардың арасында Қазақстаннан кім бар, кім жоғын ажырата алған жоқ. Үйткені, тасбақадай тарбаңдаған тыржалаңаш жандарға түс тоқтатып қарауға да батылы бармады.” Т.Рыс.