Зұлымдық бейнесі. (Ақан серінің Құлагеріне балта жұмсаған адамның атына орай айтылып тұр). ~ Ал Асылбек не болды?-Ол Алматы жағында көрінеді. Батыраштың балтасынан аман жүрсе, бір жерден жарып шығуы тиіс еді. Бірақ о жақта да Бақакөздер жоқ деймісің?! Ү.Жлк. ~ Былтыр жазда ең алдымен ұсталған Ілияс еді. Ол байғұс не күйде жүр екен? Қалың пұшпақ, қайратты еді. Бірақ мынандай қанды қасапқа қалай төтеп берсін-ау! Өзінің «Құлагері» сияқты, Батыраштың балтасынан мерт болатын шығар. Қ.Жұм.
