Жайратып салды, оңды-солды алып ұрды, қырып салды.
~ Соғыс заңы солай! Төбенің арғы сауырынан бері қарай бекініске беттеп, қыратқа қаптап шыққан жау тобырын біздің жауынгерлер бар қарудан бірдей атып, баудай түсіреді, жүндей түтеді. З.Қаб. ~ … немесе жүз қараны бір-ақ үркітіп, соңынан түскен қуғыншыны баудай түсіріп кете баратын қажырлы, қайсарлылығына сүйсініп, өзі де атасына тартып «атақты ұры» болғысы келеді. С.Жүн. ~ Анатайдың әкесінің, жан досының әкесінің, осы ауылдың талай үйін азаға бөктіріп, жоқ болған шейіт ерлердің кегін ап, қаптағайлаған қалың фашистерді жусандай жусатып, баудай түсірер еді, шіркін… Автомат жоқ қой! Ш.Айт.
