Posted in

БАУДАЙ (ҰШЫП) ТҮСТІ

Оққа ұшып, бәрі бірдей опат болды; бірі қалмай қырылды.
~ Кемзал ішіндегі еттер шапқыланады, кескіленеді, қорқырау, ащы кісінеу, қылыш сыңғырлау, жігіттер бірінен соң бірі баудай түседі, өлі еттей домалайды; бас сүйектер сақырлап жарылады. Ж.Айм. ~ Лек-легімен төніп келіп, оқ бүркіп өтті. Шәуәлидің алды-артындағылар әр тұстан баудай түсіп құлап жатыр, шыңғырып жатыр. Т.Сәу. ~ Тiптi, дауыл боп соқты да, оның кеудесiнен түйiп жiбердi. Кенжеғұл шалқалай бере баудай ұшып түстi. Қайта көтерiлдi. Р.Рай.