Posted in

БАУЫРСАҚ МҰРЫН

Домалақ келген, келте мұрын. ~ Ағам отау болып, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. Шешеміз жылқы жылы құрт аурудан қайтыс болған соң, әкеміз бір кедейлеу адамның ақ құбаша, бауырсақ мұрын жаңа өспірім қызын беріп қойған жерінен он бес қараға бата бұзып алып еді, тоқал бұ күнде әкейдің мойнына мініп алды. Ж.Айм. ~ Бауырсақ мұрын , қамыт аяқ Базарбай: «Қуан аға екеуіңіз шақырып келтіре алмайтын, имандай ұйитын адамымсыңдар. Жә, райымнан қайтайын»,— деп ет- жеңді ірі денесі іркілдей, маңғаз кергісе де ілкіде көнген. М.Сүн. ~ Көріксіз емес, қолаң шашы беліне түскен, үлкен тана көз, бауырсақ мұрын жуан сары қыз. О.Сәрс. ~ Қозы қарыны томпайып кеткен, анау бауырсақ мұрын мен етекті ерін, сұйық қасы сол баяғы қалпы… М.Сүнд.