Posted in

БАУЫРЫНАН ЖАРАДЫ

Күтімі жақсы болып, бабында тұрған ат туралы. ~ Үкілеген, құйрығын түйген бауырынан жараған аттар әр жерден-ақ шығып жатыр. Б.Май. ~ Шашын дәндерменен тараған, Бектер мінген бедеудей Бауырынан жараған. Бет ажарын қарасаң, Жазғы түскен сағымдай. “Ер Тарғын” ~ Бауырынан жараған оқтаудай семіз аттар құлақтарын қайшылап, есіле аяндайды. Оқта-санда шоқырақтап желдіртіп аламыз. М.Әбд. ~ Сақадай іріктелініп бауырынан жараған жиырма ат шықты. Бәрі де мырза мен пысықтардың бір-бір қызға балап жүрген жүйріктері. Б.Май.