Posted in

БАУЫРЫНА БАСТЫ (САЛДЫ)

а) Асырап алды. ~ Қыздан туған қыдырма атанып, күй шалып жүзік соғып, көксауыр жона тігіп, өнерін асырған Сұрапалды перзенттен күдерін үзгесін қайын жұртынан ұл алып бауырына басады. Ә.Кек. ~ Немересінің атын да өзі: «Енді түгелдендік қой» – деп, Түгел қойыпты. Ақтығының алдын бірден етегіне орап алып, өз бауырына басыпты. Ү.Жлк. ~ Бір ұлы өз кіндігінен, екіншісі Әбдікерімнің Қамбарының баласы, Қамбарды Новосібірдің түрмесінде совет өкіметі атып тастаған соң жетімсіретпеймін деп бауырына салып алған көрінеді. Қ.Ысқ.
ә) Құшағына алды, аймалады. ~ Қашанда ақжарқын, өзіңді немесе ата-анаңды бауырына басқан, балалықтың куәсі, жолға шыққан перзентін сағына күтетін ауылды білесің бе сен? Ә.Ысқ. ~ …қандай екенін айырып білерлік шама жоқ. Шырылдап жылап жатқан Бақытты бесіктен шешіп алып, бауырына басты. М.Мақ.