Аяғына тұрды. ~ Совхоз жаңа салынған пәтер беріп еді, алмадым. Шеттен келген бала-шағасы көп бір жігітке бердік. Балалар осы үйде бауырын көтерді. Ескі тымағымды киіп, боқшасын арқалаған Асқатымды жетектеп, ана табалдырықтан аттағаным санамда әлі сайрап тұр. М.Қаб. ~ Мәрзия Алматыда тұратын інісі Нардың үйіне барып, айлап жатып қайтатын, сол жақтан “босанып”, нәресте екі айға толғанда, “анасы” бауырын көтерген соң Асаталға бір-ақ оралған. Ә.Тар.
