Posted in

БАЯНДЫ ЕМЕС

Ұзаққа созылмайтын бақыт, игілік хақында. ~ Бірақ күні бойы өзіңді қайғыңмен бірге қампитып жүрген бұл мақтаныш баянды емес, кешке қарай, жатар орынға келгенде, тағы да құлазып қаласың. Т.Ахт. ~ Ал екіншісі – бала мінезді аңғалдау, көрер көзге өте әдемі бола тұрса да, сол әдемілігі баянды емес, құбылмалы, өткінші дәурен екені байқалып тұр. Ә.Нұрш. ~ …әрине кіл бақытты ғана күтпейсің, оның баянды емес екенін біле тұра, қайткенмен де мән мен мақсатың бір күні алдыңнан жарқ ете қалса деп көксейсің. И.Бун.