Өткінші, тұрақсыз, құбылмалы, қысқа өмір. ~ Біреулер келіп, біреулер кетіп жатады. Бұл да алма-кезек ауысқан «бес күндік» баянсыз тірліктің бір нышанындай. Қ.Жұм. ~ Жарылқасын ойланыңқырап отырып, тақпақтап, мәтелдеп кетті: — Патшаның да тағы баянсыз тірліктің тұғыры. Т.Рыс. ~ Бектұрған құсап әр жұмыстың басын бір шалып, баянсыз тірлікті күйттеген жоқ. Ә.Асқ. ~ Онысы ешнәрседен, ешкімнен мейірім мен рақат көрмеген баянсыз тірлігіне деген әлсіз бұлқынысы. С.Смат. ~ Жаныңды жалғанның жалпағына жүйткіткен сайқал көгілдір дүния арманыңды асқақтатып, көңілге қанат бітіріп, бұл баянсыз жалғанда шексіз ғұмыр кешкізіп, түпсіз ойлар тұңғиығына батырғысы келеді… Ш.Айт. ~ Жел үйірген құмдай сусып сырғыған неткен баянсыз дүние. Т.Сәу. ~ Ой, дүние-ай! Баянсыз, сұм дүние. Кеше Алтынмен құшақтасып жатқанда менен бақытты жан жоқ еді. Бүгін енді менен сорлы, менен бақытсыз жан және жоқ. Б.Соқ.
