Атам заманда, өте ерте уақыттарда. ~ Қашан басталып еді, мұншалықты нәзік сезім, балапан сүйіспеншілік; баяғыда, баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда… ол кезде Гүлия он екі, он үш жаста ғана. О.Бөк. ~ «Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда», Кенді Алтайдың төрінде, Шығыс Қазақстанның Өскеменінде, облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») гәзетінің редакциясында Мәдениет бөлімінің ұзынтұра бастығы болып (құрдастарым «силаған лауазым» еді), қызметті қарағай отын жаққан пештей қыздырып жүрген кезімде бөлмеме қара мұртты жасамыс қазақ кіріп келіп: “Кіруге бола ма? Сәлеметсің бе?” – деді. Ғ.Қаб.
