Аса құнды, ерекше бағалы д.м. ~ Скотт толассыз сөйлей берді, менің шығармаларымды баға жеткісіз деп мақтап ала жөнелді, одан қатты қысылғаным сонша, мен оны тыңдаудың орнына өзін басынан аяғына дейін бажайлап қарауда болдым. Э.Хэм. ~ Махаббат баға жеткісіз асыл қазына, оған бар әлемді сатып алуға болады, оған қоса ол тек өзіңнің ғана емес, сонымен бірге басқаның да күнәсінің өтеуіне жарайды. Қорықпай үйіңе қайта бер. Ф.Дост. ~ Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. М.Жұм. ~ Сен маған баға жетпес ғажап дүние сыйладың-ау, Ербол, – деді Әуезов екі көзі жасаурап, тебірене үн қатып. – Өзім майданға бармасам да, бұл кітап менің бір перзентім болып, соғысқа қатысыпты. Ә.Нұрш.
