Біреудің бақытына кедергі болды, кесірі тиді. ~ Аңызға айналған қайран Нарқызылдың бағын байлаған, сөйтіп өзінің бағын жандыруы үшін оның табанына құмшеге қағып жіберген біздің ауданның сойқанын да білетінмін. Т.Жұрт. ~ Ертең қыздарың өседі, сен қартаясың, сонда еркек күшейеді қырыққа қарай. Сол кезде сенің өзіңе қиын болады. Жолдарыңды бөліп алыңдар. Сен оның бағын байлама, – дейді. С.Досж. ~ Сонымен қыз жіпсіз тұсаулы көрінеді. Әйткенмен, қыздың бағын байлап отырғаны болмаса, калың малын да түгендемей, ұрын да келе алмай, өз әйелінен де аса алмай, шырмалып жүрсе керек… Б.Тоғ.
