Posted in

БАҒЫ АСТЫ

Дәуірі жүрді, бағы жанды, мерейі артты, дегені болды. ~ Қарақалпақ билерінің ішінде Айдостың бағы асып, Мұхаммед Рахим бектен «бегілер бегі» атағын алды. З.Шүк. ~ Кешегі өткен тайлақ бидің асы… Бәйгіден келген ақ тұлпар… Бағы асып тұрған жылқайдар батыр… Сөзде соның
айналасында өрбіді. З.Шүк. ~ Бағың асқан шағыңда, Құзғын салсаң қаз ілер. Бағың тайған шағыңда, Тұйғын салсаң аз ілер. (Мақал)