Posted in

БАҒЫ БАР ЕКЕН

Жолы болғыш, жұлдызы жоғары екен. ~ Міне, ақыл! Міне, жөн! Уа, Торқа, жарылып кетпей неғып отырсың! Бағы бар екен боқмұрын балаңның! Жай қолыңды! — деп алдымен өзі елеуреп ербеңдетіп қолын көтерді. С.Елу. ~ Достары қоштасар сәтте оған маңдайының бағы бар екен деген, және Жомарттың өзі де солай деп білген. Ол қуанышты еді, бірден болашақ диссертациясының тақырыбын таңдап, уақытты текке өткізбей жазуға кіріспек еді. Ә.Әл. ~ Сауаты болмаса да бағы бар екен Қозбағардың. Құдай бұны Сұржекейге кезіктірді. “Аға”, “іні” болды. Томпаңдап жүгіріп жүріп қызметін істеді Сұржекейдің, томпаңдап жүгіріп жүріп суын тасыды Сүржекейдің. С.Ел.