Posted in

бағы жанбады

Жолы болмады, сәтсіздікке ұшырай берді. ~ Бірінші күні балуандарымыздың бағы жанбады. БАҚ. ~ Бағы жанбаған бейшара болды ғой, естуіме қарағанда ішіп кеткен көрінеді. Ш.Айт. ~ Бұрынғыдай атқа мініп тұрған кезі жоқ, аудандық газетке дейін «төмендеген», «өз жолын өзі кескен», «не поэзияда, не әдеби сында бағы жанбаған» бейшара енді кімге керек? Б.Тоғ.