а) Құдай оңдады, жолы ашылды, тасы өрге домалады. ~ Ойы: аманшылық болып Шыңғыс ер жетсе, үйленсе, бағы ұшып әкім болса, өзіне тәуелді үй тіге қалса, қара шаңырақты соған көтерту. С.Мұқ. ~ Айғаным Омбыға он жасар Шыңғысты ерте келген еді, сондағы ойы – «патшалардың, патшасы» деп түсінетін орыс патшасы Николайға маңдайынан сипату. «Құдай оңдап, құдай жақсылыққа қол жетсе, – деп ойлады Айғаным, – баламның бағы ұшқаны!». С.Мұқ.
ә) Кері мағынада – соры қайнады, жолы болмады. ~ Жарлы менен жақыбай намысты ойлап, Артып берді екі тең қамыс байлап. Тілсіз жауға тірексіз тура тартса, Жылым жұтып, жігіттің бағы ұшпай ма? М.Мақ.
