Бірін-бірі көре алмау, күншілдік, берекесіз айтыс-тартыс, бітіспес дау-дамай, көре алмаушылық, бақастық. ~ Құрылтайдың шарына Бақан тірес, ит тартыс, Көп список партия, Әзір қымыз, әзір ет! І.Жан. ~ Қазір заман түзу, ел тыныш, бәрі де сыпыраның ішінде отыр: не ішем, не кием демейді, барақат өмір. Сөйтіп отырып бұл адамдар әншейін бақан тірес, ит тартыс ғұмыр кешіп жатқанын қайтерсің! Ә.Асқ.
