Адамға бақыт әкеледі делінетін мифологиялық образ. ~ Неге көңіл көзіме құм үйілген, Рухым қайда ел сеніп, жұрт сүйінген? Бақыт құсын маңыма жолата ма, Құдірет күш басыма бұлт үйірген. Р.Нияз. ~ Алақанына қонғалы тұрған бақыт құсы, мiне пыр етiп көзiнен бұл-бұл ұшты. Бұл қысастығын өлсе кешiре ме! Т.Сәу. ~ Асамен бірге бастан бақыт құсы да қосыла ұшқандай. Екі көзі сынған таяқтың қолда қалған тұқылында. Х.Ес. ~ Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлқын қамымен өткізеді. Бақыт дегенді нәпсінің құлы болып ләззат қуу деп біледі. Бірақ, ләззат – тұзды су. Ішкен сайын шөлдетеді. Бақыт құсы ұстатпайды. С.Елу.
