Posted in

БАҚ КҮНДЕС

Біреудің бақытын көре алмай, күндейтін, тайталасатын адам. ~ Нәреш–ау, сенiмен қидаласып жатқан бақ күндес адам емеспiн ғой. Солай ма? – Әрине, үргiн–сүргiн есептерiмiз жоқ. Мен бала бола алсам, сен ана болуға жарайтын жансың. Р.Рай. ~ Қашаннан бақ күндес байдың жол соқтыға ұшырағанда айтып тұрған табасы Сатанға недәуір батты. І.Жан. ~ Бәкей! Ойбай, тағы Бәкей! – деп, жылқыға тиген ұры Қадырдың бәйгеде бақ күндесі Бәке екенін тани кетті. Ж.Айм. ~ Ежелден бері бақ күндес боп келе жатқан екі империя өкілдігі бірінің- бірі төбесін көріп отырмаса сағынып қалатындай, бұлайша иық тіресіп, қатар жайғасуы тіпті де тегін емес. Ж.Айм. ~ Ол мақсат – бүкіл әлемге, қала берді өздерімен бақ күндес жауларына, он мың адам қаза тапқан қанды қырғынмен сес көрсету болатын. І.Ес.