Posted in

БАҚ СЫНАДЫ

Әлдебір жарысқа, жаңа іске ат салысып, өз күшін, мүмкіндігін, жолы болғыштығын мөлшерледі. ~ Бір аптадан кейін мына көрші ауылда үлкен ас болады, ат бәйгесіне нар түйе, қосақ-қосақ жылқы тігіп отыр. Балуан күресіне де, айтысқан ақындарға да, жамбы ататын мергендерге де тіккен жүлделеріне сан жетпейді, шама жетсе бақ сынап көріңдер… Ылғи ығай мен сығай жігіттерге ұқсайсыңдар!.. Б.Тоғ. ~ Әкең әлі есінен танған жоқ. Оқымаса да көп тоқыған. Күш бізге түсіп, қызығын біреу көреді. Мен білсем бұл сенің бақ сынайтын заманың емес, бақыттыларды сағалайтын заман. Осыны ойлап-ойлап бір түйінге келіп отыр әкең. Ғ.Мұс.