Posted in

БАҚ ҚОНЫП, ҚЫДЫР ДАРЫДЫ

Бақ-дәулетке кенелді. * Қожа «Бәсе!» деп мақсаттанып, тамақты тағы бір кенеп, болысқа
қарап сөйледі: – Шырағым, ата-бабаңа пірлердің дұғасы тиген, бақ қонып, қыдыр дарыған.
Ғазиздердің дұғасы мақбүл деген. Саған ешбір дұшман зарар келтіре алмайды. Ж.Айм. ~
Бағы асқанның құрығы ұзын келеді. Атағы аспандаған айбарлы кеңшар қожасы сақтықты
ұмытпаған. Босаң келсе оған бақ қонып, қыдыр дари ма? Ө.Кәр. ~ Сауыт-сайманмен
құрсанған батыр қылышымен түртіп: «Қапа болма. Мен қазақтың Жанкешті деген атақты
батырымын. Осы қорымда жатырмын, тоғызыншы ұрпағым Жалықбасқа айта бар, бақ
қонып қыдыр дарысын. Басыма күмбез тұрғызыңдар». Ө.Кәр.