Posted in

БЕДЕЛ ТҰТТЫ

Абырой санады, мақтан көрді. ~ Керейдің әр руында өз ағасы болғанмен, Керей атаулының байы да, батыры да, беделдісі де Естеместің Есенейі. Оны Керей ғана емес, Уақ та, аз рулар – Қанжығалы мен Күрлеуіт те бедел тұтады. С.Мұқ. ~ Осы ойдан… осы зұлым ойдан Ғазиз Құлтанович жұбаныш тапты. Жүзінде рақат күй қалқыды. Әлгіндегі дымданған көз құрғады. Анау жазықсыз, кінәсіз адамды бұнда жатып бес, он жыл еркінен айыруға бекінуін өзіне зор бедел тұтты. Азаматтың жайын, күйін, жағдайын қаперіне алған да жоқ. С.См.