Posted in

БЕДЕУ ЫҚЫЛАС

Жалған көңіл; сырттай шырай бергенімен, іштей жақтырмай тұрған кісінің сипаты; селсоқ ынта. ~ Ұлан-ғайыр қасиетті даламның, Кие қонған мен де бірі балаңмын. Керек емес маған бедеу ықылас, Жерім маған – Құшағындай анамның! Қ.Мұқтай. ~ Байқайсыз ба, виртуалды әлемдегі «досыңның» бәрі шектен тыс ақкөңіл. Сөздері жан жадыратады. Мақтаса, асырып жібереді. Ал өмірде бәрі басқаша. Әлеуметтік желідегідей ақтарыла сыр ашпайды. Ортақ әңгіме таппайды. Бір-біріне көңіл тойғызбас бедеу ықылас танытып жүргені. Бас қоса қалса да, алаңдап әлденені іздейді. Әрқайсысы смартфонына үңіліп, өзімен-өзі мәз. БАҚ