Әлдебір іске кіріспес бұрын, алды-артын ойлап, сақтық жасады; салыстырды, бағамдады. ~ Ағаш қана емес, үй ғана емес, адамды да өстіп құртып жіберуге бар. Әр қадамыңды, қимыл- әрекетіңді безбенге салып, салмақтап, ойланып жасау керек, сауысқандай сақтық керек. Ә.Асқ. ~ Ал Шегебайдың үш қыз тапқан әйелі етікшіге қарағанда сәл ақылдылау. Ойланып сөйлейді, алды– артын безбенге салады. Орынсыз жерге килікпейді, көбіне көп үнсіз қалады. Қ.Жиен.
