Posted in

БЕЗГЕК БУҒАНДАЙ (БОЛДЫ)

Бүкіл денесі қалтырап, қалшылдап кетті. ~ Ардағым, арманым!.. Мұхтар денесін безгек буғандай қалш- қалш етті. З.Қаб. ~ Өзін осынша азапқа салып қойған жауызға қатысы бар нәрсенің бәрі жексұрын болып елестейді, сол түнгі оқиға есіне түскен сайын тұла бойы безгек буғандай қалтырап кетеді. А.См. ~ Аузынан шашыраған түкірігі мұртына мұз боп қата бастады. Шал безгек буғандай селкілдеді. Қ.Ыс.