а) Шырқырап, жан дауысы шықты. ~ Апам-ау, мұның не? Ұят емес пе? – деп жыларман боп ашулансам, ол өп-өтірік безек қағады. Ш.Күм. ~ Түбірінен жік алып сынғалы морт кетіп омырылып түскелі тұр, дегенмен туа біткен шетендік иілер емес, жылап егіліп отырып иілмейді. Қара домбыра безек қағады. Ғ.Біләл. ~ Жоғал, көзіме көрінбе! – деп, қожайыным безек қақты. М.б.Т.
ә) Тыным таппай, зыр жүгіріп, әуреге түсті. ~ Тышқан аулап күйкентай жүр, қыранымсып шыңқылдап. Әне алыста безек қағып, бір торғай тұр шырылдап. Ж.Айм.
