Posted in

БЕЗІП КЕТКІСІ КЕЛДІ

Жаны түршігіп, әбден түңілді; басы ауған жаққа кетіп қалғысы келді. ~ Бұны әр кеште қаңыраған бос бөлме сұп-суық боп, аяздай қарып қарсы алушы еді. Сонда орыс қожайынның адыра қалғыр ескі сарайынан безіп кеткісі келетін. Бірақ, қайда барады? Н.Сам. ~ Алаш та әкесі жан тапсырған соң, екінші күні жетті, тіркелмеді деген сылтаумен қазақтың кең даласынан әкесін жерлер қарыс сүйем жер табылмағанына жаны түршігіп, бұл фәниден безіп кеткісі келді Алаш. Әке сүйегін арқалап, Қытайға кетпекші болды. Н.Абд. ~ Едігемен ол жолаушылардың ешқайсысының шаруасы жоқ; сонда Едіге кеңседен атып шығып, әлгі пойызды қуып жетіп, көз көрмес, құлақ естімес жаққа безіп кеткісі келді. Тек мына ителгікөзден құтылса
болғаны. Ш.Айт.