Posted in

БЕЙДАМА БОЛДЫ

Әлде бірдеңеден азат болды, арылды, жұрдай болды. ~ Содан бір түнде еркекше киініп, қашып кеттім. Малдан да, дүниеден де бейдама болып, безіндім. Содан жаяулап-жалпылап аптада Алматыға жеттім. Б.Қыд. ~ Мен ешкімге пара берген жоқпын. Бар малымды алыңдар, тек тыныштық беріңдер. Қазір жалшы менде жоқ. Бар малын Шөжеғұл өзі бағатын еді, енді ол мал бітті. Малдан бейдама болды. Совет өкіметі тек біздің кедейленуімізді керек етіп отырса, үстіміздегі үйіміз бен киімімізден басқа ештеме қалмады. Б.Қыд. ~ Е, бұл ұрлықтан бейдама болған екен ғой деп менің Асанжанға ішім жылып қалған. Енді, міне, сол Асанжан колхоз ұйымдаса салып, бүлік шығарып жатыр дегенде тітіркеніп кеттім. Б.Қыд.