Қатты әсер етті, толғандырды. ~ Ұлттық намысымыздың аяққа тапталуы мен арымыздың қорлануына апарып соғатын ондай жүгенсіздік қазақ халқының намысты саналы ұл-қыздары ретінде бізді де бейжай қалдырған жоқ. Д.Мәс. ~ Ақбөбек ә дегеннен Қайыптың әніне ғашық болған. Сол сезімі өрши келе әннің иесіне тәнті етіп қойды. Сұлу сазымен әнші өзінің жан сарайын жаулап алғандай. Оның өзіне деген риясыз көңілі, баладай пәк сезімі Ақбөбекті бей-жай қалдырмаған. Ү.Жлк. ~ Картинаның алдында бір топ көрермен үйіріліп, өзара шүйіркелесе қалыпты. Бірімен– бірі пікір алмасып күбірлеседі, өмір, махаббат, күрес төңірегінде философиялық пайымдар жасап, бастарын шайқап сыбырласады. Соған қарағанда, мынау етектей полотно ешкімді бейжай қалдырмаған сияқты. Ә.Асқ.
